
2020 жылдың 16 – 18 маусым аралығында ОӘО мен ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Экспорттық бақылау басқармасымен бірлесіп «Экспорттық бақылауға жататын тауарларды анықтау» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Қазақстанда экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерін үйлестіру жолымен экспорттық бақылау саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі күні Ұлттық экспорттық бақылау жұйесі экспорттық бақылауға жататын тауарлардың заңсыз айналымының алдын алуды толық көлемде қамтамасыз етуіне мүмкүндік береді.
Іс-шараның мақсаты – Қызметкерлердің экспорттық бақылау саласындағы білімдерімен қабылеттерін тереңдету және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес қос мақсатты тауарларды тиімді сәйкестендіру.
Қос мақсаттағы тауарлар, жаппай қырып-жою қаруының түрлері, сондай-ақ ЖҚЖ-ны таратпау туралы сұрақтар бойынша түсінік берілді.
Дәріскер ретінде: - Карисов Берик Канатович - ҚР ҚМ МКК Экспорттық бақылау басқармасының бас сарапшысы.
Семинарға тыңдаушы ретінде 107 МКК аймақтық органының қызметкерлері қатысты.