Жарияланған күні: 12.05.2023 10:33
Өзгертілген күні: 12.05.2023 12:52

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде https://eokno.gov.kz / (бұдан әрі – «Бірыңғай терезе» АЖ) көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді беру модулін (бұдан әрі – КҚКҚК) іске асыру бойынша жұмыс жүргізді.

Сәйкестікті бағалау туралы көрсетілген құжатты беру бойынша «Бірыңғай терезе» АЖ модулін іске қосу 2023 жылғы 24 сәуірде өтті.

Өздеріңіз білетіндей, жеке тұлғалар, егер мұндай көлік құралдары «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес келсе, өз қажеттіліктері үшін Қазақстан Республикасының аумағына автокөлік құралдарын импорттай алады.

КҚКҚК – айналымға шығарылатын бірлі-жарым көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

«Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚКҚК беруді автоматтандыру өтініш берушілердің үйде немесе кеңседе отырып, оны алу үшін сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінішті қашықтан беру мүмкіндігін ашты.

Бұрын, көлік құралын кедендік тазартуды жүргізу үшін жеке тұлғалар         КҚКҚК туралы мәліметтер осындай құжаттардың тізілімінде жарияланғанға дейін           5 жұмыс күніне дейін күткен болатын.

Енді, «Бірыңғай терезе» АЖ-да КҚКҚК беру жөніндегі функционалды іске асыру өтініш берушілерге КҚКҚК алғаннан кейін бірден көлік құралын кедендік тазартуды жүргізуге мүмкіндік берді.

Мәселен, КҚКҚК тіркеу нөмірі бергеннен кейін ол туралы мәліметтер «Бірыңғай терезе» АЖ-ның басты бетіндегі «Құжаттар тізілімі» бөлімінің «КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізілімі» кіші бөлімінде орналасқан, «Бірыңғай терезе» АЖ-дағы көлік құралдарының қауіпсіздігін растайтын құжаттар тізіліміне онлайн-режимде түседі (http://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm2.xhtml).

Сондай-ақ, «Бірыңғай терезе» АЖ арқылы берілген және басып шығарылған КҚКҚК QR-кодты қамтиды, ол арқылы құжаттар тізілімінде КҚКҚК тексеру мүмкіндігі іске асырылды.

Сонымен қатар, көлік құралдарын кедендік тазарту кезінде ұсынылған КҚКҚК сәйкестендіру «Бірыңғай терезе» АЖ-да берілген және басып шығарылған КҚКҚК-де көрсетілген QR-кодты оқу жолымен не КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізілімінен іздеу жолымен жүзеге асырылады. Яғни, қатаң есептілік бланкісінде басып шығарылған КҚКҚК түпнұсқасын кеден органдары сұратпайды.

«Бірыңғай терезеде» жұмыс істеуге және өтініш берушілерге консультация беруге қатысты мәселелер бойынша Telegram мессенджерінде чат жұмыс істейді (t.me/eoknokz), сондай-ақ қолдау қызметі құрылды e-okno@kgd.minfin.gov.kz.

Бұдан басқа, Telegram мессенджерінде КҚКҚК беру мәселелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар өкілдеріне консультация беру үшін жеке чат ашылды.

 

Мәлімет үшін:

«Бірыңғай терезе» порталының негізгі мақсаты бұрын әртүрлі ақпараттық жүйелерде болған экспорттық-импорттық операцияларды жасауға қатысты ақпарат пен функцияларды бір жерге біріктіру болып табылады. «Бірыңғай терезе» АЖ-да рұқсат құжаттарының жекелеген түрлерін беру және кедендік мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған.