Жарияланған күні: 20.01.2022 12:11
Өзгертілген күні: 20.01.2022 12:12

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасына баспасөз-релизі

 

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығының жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Аталған бұйрықтың жобасын дайындау мақсаты шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бұл жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2022 жылдың 19 қаңтарында орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2022 жылдың 2 ақпанына дейін.