Жарияланған күні: 01.10.2018 15:00
Өзгертілген күні: 01.10.2018 15:11

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет)  мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ең үздік PR стратегиясы атты республикалық конкурс өткізеді.

Өткізу мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының имиджін көтеру және оның қызметін жетілдіру.

Бір үміткер Ұйымдастыру комитетінің PRkonkurs_kgd@mgd.kz электрондық мекенжайына 2018 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей қазақ және орыс тілдерінде ұсынылатын 1 (бір) пакеттен артық емес материалдарды табыс етеді.

Материалдар мыналарды қамтуы тиіс: PR стратегиясының сипаттамасы, Microsoft Power Point форматында тұсаукесерді және еркін нысанда PR стратегиясының жоспарын қоса бере отырып Microsoft Office Word форматында конкурсты өткізу туралы Ережеде келтірілген нысан бойынша ресімделетін титулдық беті (Комитеттің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі №435 бұйрығы және Комитеттің https://kgd.gov.kz/ru/content/normativnye-pravovye-akty сайтында жарияланған).

PR стратегия, мыналарды да қамтуы мүмкін:

1) салықтық және кедендік әкімшілендіруді іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастырудың жаңа тиімді әдістемесінің пайымдары;

2) бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен және блогерлермен өзара іс-қимылдың жаңа тиімді әдістемесі;

3) нысаналы аудитория үшін кең ауқымды жаппай-түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша тәсілдер;

4) халықтың ақпараттандырылуын арттыру есебінен мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге ықпал ететін жобалары;

5) сыртқы және ішкі корпоративтік коммуникацияларды дамытуға, мемлекеттік кірістер органдарының баспасөз-қызметтерін дамытуға ықпал ететін жобалар;

6) МКО қызметкерлері ішінен негізгі спикерлерді қалыптастыру бойынша пайымдар.

Ағымдағы жылғы 1-10 қараша аралығында Конкурстық комиссия конкурсқа табыс етілген қатысушылардың материалдарын қарастыратын болады және ағымдағы жылғы 12 қарашаға дейін шешім қабылдап, 3 (үш) жеңімпазды жариялайтын болады.

Жеңімпаздарды марапаттау Астана қаласындағы салтанатты жиын шеңберінде Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес жүргізілетін болады.

Сыйақыларды беру және дипломдарды табыс ету Теңге – Ұлттық валюта күні (15 қараша) кәсіби мерекесіне қарсы орайластырылатын болады.

 

 

ҚР ҚМ МКК Ұйымдастыру комитеті