Жарияланған күні: 20.12.2018 18:40
Өзгертілген күні: 20.12.2018 18:47

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Енді мұнай өнімдеріне ДСН-дер беру бойынша өтінімдер бір күн ішінде электронды түрде жүргізіледі

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер барысын тиімдеу мақсатында
«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы  министрінің 2015 жылғы  27 ақпандағы        № 137 бұйрығына өзгерістер енгізілді, соның ішінде мұнай өнімдеріне         ДСН-лер өтінімдері тек қана электрондық түрде және  аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен беріледі (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер). Аталмыш жаңашылдықтар 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер осыған дейін өтінімді қарау мерзімі бес жұмыс күнін құраса, онда жаңа жылдан кейін осы мерзім бір жұмыс күніне дейін қысқарады.

Енді аумақтық бөлімшелер электрондық өтінімнің түскен күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:

1) ДСН-кодын беруін ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді немесе осы Қағидалармен көзделген жағдайларда ДСН-кодын беруден бас тартады;

2) Өтініш берушіні ДСН-кодын беру туралы немесе ДСН-кодын беруден бас тарту туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.

Қазіргі уақытта мұнай өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылардың барлығы «Акциз» ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары болып табылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)