Жарияланған күні: 17.05.2019 16:11
Өзгертілген күні: 20.05.2019 18:58

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумы қорытындыланды

 

Бүгін, 2019 жылдың 17 мамырында, Нұр-Сұлтан қаласында Еркін экономикалық аймақтар бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумының жұмысы мәресіне жетті.

Жабылу салтанатының  модераторы ретінде  ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ермек Қожабергенов сөз сөйледі.

Қорытынды сөзбен Дүниежүзілік сауда ұйымының сақтау және оңтайландыру департаментінің директоры Ана Б. Хинохоса сөйлеп, қызықты баяндамалары үшін форумның спикерлерін, топтық талқылау барысында белсене қатысқаны үшін шақырылған кедендік әкімшіліктерге, жылы қабылдағаны ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Ол Форумға пленарлық отырыста сауда-саттық рәсімдерін жеңілдету және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық сауданы дамыту жөніндегі жұмысын жоғары бағалады.

ҚР ҚМ МКК Төрағасы Марат Сұлтанғазиев қорытындылай отырып, ЕЭА әкімшілендіру бойынша ДКҰ қатысушы елдердің ұлттық тәжірибесінің кедендік бақылау рәсімдерін жетілдіру ЕЭА экономикалық артықшылықтары ретіндегі осындай негізгі мәселелер форум шеңберінде талқыланғандығын атап өтті.

М. Сұлтанғазиев Форумның нәтижелері ЕЭА-ның табысты дамуына жаңа серпін беретіні, бұл осы аймақтардағы өнеркәсіптер мен аймақтардың инфрақұрылымы мен экономикалық дамуына қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіні туралы қорытындылады.

Осы форумның аяқталу барысында қатысушылармен сессиядағы талқылау шеңберінде бизнесті дамыту үшін Киота конвенциясында қайта қаралған еркін кедендік аймақтарды айқындауды өзгерту қажеттілігінің жоқтығы, сондай-ақ көптеген қолайлырақ жағдайлар жасау үшін тәуекелдер басқармасының жүйелері шеңберінде кедендік бақылау жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

2019 жылдың мамыр айының 15-і мен 17-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Еркін экономикалық аймақтар (ЕЭА) бойынша Дүниежүзілік кеден ұйымының аймақтық форумы өткенін еске саламыз.

Форумға қатысушы елдердің 30-дан астам Дүниежүзілік кеден ұйымы, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, Европалық комиссия, ЕЭК, мүдделі мемлекеттік органдардың кеден қызметі өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  ЕЭА операторларының өкілдері қатысты.

Форумның тақырыбы Қазақстан Республикасының аумағында ЕЭА-дағы сауданы жеңілдету және кедендік бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізудің қажеттіліктері мен басымдықтарын қанағаттандырады.

Тақырыптық сессиялар ЕЭА қызметін басқарудағы қолданыстағы ұлттық тәжірибені, кеден қызметтері, ЕЭА операторлары мен осындай аумақтарда жұмыс істейтін компаниялар арасындағы өзара әрекеттесу тәжірибесін тарату үшін, сондай-ақ сауда-саттықты жеңілдету және бақылау үшін жаңа құралдар және заңдар мен экономикалық шығындардың бұзушылықтар тәуекелдерін барынша азайтуды әзірлеу үшін продуктивті диалог алаңы болды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)