
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы»» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.12.2023 жылғы №1294 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 33782), пилоттық жобаның мерзімі 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Бұдан басқа, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы1 наурыздағы № 145 қаулысының күші жойылуына байланысты пилоттық жоба шеңберінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі қолданылады.