Жарияланған күні: 06.06.2022 15:17
Өзгертілген күні: 06.06.2022 15:18

NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасының 2022 ж. 6 маусымынан бастап шығуына байланысты қосымшаның жаңа нұсқасына қайта орнату қажет. «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің барлық қолданушылары осындай жаңартуды жүргізуі тиіс.

МКК-де толықтай нұсқаулықты ұсынды.

Ол үшін NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын жүктеп, келесі нұсқауларды орындау қажет:

1 қадам. NCALayer-дің алдыңғы нұсқасын компьютерден жою керек.

2 қадам. NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын компьютерге https://pki.gov.kz/ncalayer/ сілтеме арқылы орнатыңыз.

3 қадам. NCALayer орнатылған 1.3 нұсқасына кіруді жүзеге асырыңыз.

4 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтамасын іске қосқаннан кейін экранның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, "модульдерді басқару" тармағын таңдау керек.

5 қадам. Ашылған Модульдер тізімінде "ЭШФ модулі" тармағын таңдап, "модульді орнату" батырмасын басыңыз, нәтижесінде модуль пайдаланушының компьютеріне орнатылады.

6 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтаманы қайта іске қосуды сұрайды. "Қайта қосу" түймесін басыңыз.

Нәтижесінде Электронды шот-фактуралар модулінің жаңартылған нұсқасы NCALayer-де орнатылатын болады және Сіз ЭШФ ақпараттық жүйесінің веб-порталында жұмысты бастай аласыз.