Жарияланған күні: 23.12.2022 21:16
Өзгертілген күні: 23.12.2022 22:12

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің (https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443/esf-web/login) сынақ серверінде «Орындалған жұмыстар актілері» модулі бойынша өзгертілген функционалға қол жетімді екендігін назарларыңызға жеткізеді. Орындалған жұмыстардың электрондық актілерімен жұмыс істеу жөніндегі функционалға (бұдан әрі – ОЖА) келесі өзгерістер енгізілді:

1. ОЖА 2 нұсқасының үзіндісі

  • Жеткізуші және алушы деректемелері В және С бөлімінде «Бірлескен қызметке қатысушы» және «ӨБК қатысушысы немесе ӨБК шеңберінде жасалған мәміле» жеткізуші/алушы санаттармен ОЖА жазу. Оператор бейінінен ОЖА жазып берген кезде орындаушының (жеткізуші) деректемелері оператордың деректемелерімен толтырылады. Тапсырыс берушінің (алушының) деректемелері  D бөлімінде ӨБК/БҚҚ санаты бар СТ мекен жайына ОЖА жазып беру кезінде оператордың деректемелерін көрсету қажет.
  • G бөлімінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) бойынша деректер бөлімінде жұмыстар, қызметтер кестесін толтыру үшін жаңа бағандар қосылды:

            G2.1 «есеп жүйесіндегі жұмыстар мен қызметтердің атауы-толтырылуға міндетті емес»;

            G2.2» ВҚҒА құрамдас коды – толтырылуға міндетті»;

            G3 «жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) күні» - егер 3-жол жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) күні толтырылмаса, міндетті.

  • H бөлімі. Толтырылуға міндетті емес қосымша мәліметтерде жаңа

жолдар қарастырылды:

            24. «Тапсырыс берушіден алынған қорларды пайдалану туралы мәліметтер»

            24.1 «Атауы, саны, құны»

            24.2 «Қосымша: Құжаттамалар тізбесі, оның ішінде маркетингтік, ғылыми зерттеулер, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп(тер) (олар болған кезде міндетті) _ беттер»

  • І бөлімі. Тапсырды (орындаушы) / ЭЦҚ бойынша мәліметтерде міндетті толтырылуға жататын 27.1 «Жұмысты, қызметті тапсырған (ОЖА жазып беретін) лауазымы» жаңа жол қамтылған.
  • J бөлімі. Қабылдады (тапсырыс беруші) / ЭЦҚ бойынша мәліметтерде міндетті толтырылуға жататын 31.1 «ОЖА қабылдаушы (қол қоюшы) лауазымы» жаңа жол қамтылған.
  • 2. Түзетілген ОЖА жазып беру мүмкіндігі қосылды:
  • Түзетілген ОЖА жазу «Расталған» және «Тоқтату процесінде» мәртебесіндегі ОЖА жаңа нұсқасы негізінде ғана қолжетімді.
  • J бөлімінің Қабылдады (тапсырыс беруші) / негізгі ОЖА ЭЦҚ бойынша мәліметтердің «ЭЦҚ-ға қол қою күні (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қабылдау)» 32 бөлігіндегі күннен талап қою мерзімі ішінде түзетілген актіні жазуға болады.
  • А бөлімінде түзетілгенді жазып беру кезінде жалпы бөлім «түзетілген» чек-боксты белгілеп, жолдарды толтыру қажет:

           4.1 «Өзгерістер енгізілетін үзіндінің жасалған күні»

           4.2 «Өзгерістер енгізілетін құжаттың нөмірі (есепке алу жүйесінде)»

           4.3 «Өзгерістер енгізілетін ОЖА тіркеу нөмірі»;

  • B бөліміндегі орындаушының (жеткізушінің) және D бөліміндегі тапсырыс берушінің (алушының) деректерін өзгертуге тыйым салынады.
  • Орындалған жұмыстардың түзетілген актісі сәтті жазылған кезде, оның негізінде жазылған ОЖА үзінді көшірмесі жойылады.
  • Алушы электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою арқылы түзетілген ОЖА растауы/бас тартуы тиіс.
  • Түзетілген ОЖА ЭЦҚ қол қою арқылы актіні кері қайтарып алуға, қабылдамауға/растауға, бұзуға, бұзудан бас тартуға/бұзуды растауға болады.

Бұдан басқа, бухгалтерлік есепті жүргізу Қағидаларының
25-тармағына сәйкес (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы) түзетулер тек операцияларға қатысушылардың келісімі бойынша енгізілетініне, бұл түзетулерді енгізу күні көрсетілген құжаттарға қол қойған сол тұлғалардың қолдарымен расталатындығын назарға саламын.

Бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын операцияға қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (негізгі ОЖА-ны жазып беретін/қол қоятын) түзетілген ОЖА-ға қол қою мүмкіндігі іске асырылған.

Өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда 2023 жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде өз есеп жүйелеріндегі осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. 2023 жылдың
20 қаңтарынан бастап ОЖА бланкісінің жаңа нұсқасы ЭШФ АЖ веб-порталында қолжетімді болады.

Әзірлеуші жинағы (ОЖА жаңартулары бар SDK) МКК-нің https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-1 сайтынан жүктеп алуға болады.

Пайдаланушының ОЖА-мен жұмыс істеу жөніндегі жаңартылған нұсқаулығымен осы https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 сілтемесі арқылы танысуға болатынын айта кеткеніміз жөн.

ОЖА-ның жаңа нұсқасымен жұмыс істеу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz. электрондық поштаға хабарласуларыңызды сұраймыз.