Жарияланған күні: 02.02.2023 11:53
Өзгертілген күні: 02.02.2023 12:06

«Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы      № 60 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірленіп, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын іске асыру мақсатында Атамекен ҰКП-мен бірлесіп жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік реттеу шеңберінде «таза парақтан» өндірістік қуаттылығы жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімдерін өндіруге арналған технологиялық жабдықта алкогольсіз сусындар өндіруге мүмкіндік беру бөлігінде талап қаралды.

Осы бұйрық 2023 жылғы 26 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14393444.