ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті С-О-2, C-R-1 санаттары бойынша категориялар бойынша бос мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және
әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу 20.04.2016 ж. сағат 15-те өткізілетінін хабарлайды.
Мекен жай: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі 10, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 32-22-63, 70-98-50
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті