
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында азаматтар МКК басшылығына салық төлеу, салық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады.
Өткізу уақыты:
2022 жылғы 21 қазан сағат 11:00-де
Өткізу орны:
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 44, әкімдік ғимараты, мәжіліс залы.
Анықтама телефоны:
(8 –7152)50-01-15