
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) порталының жұмысына қатысты мынаны хабарлайды.
Комитеттің интернет желісіндегі техникалық проблемаларға байланысты электрондық шот-фактураларды жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу 2024 жылғы 9 қаңтарда уақытша қол жетімді емес.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы) қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз жеткізгіште ресімдеуге құқылы:
- 2024 жылғы 9 қаңтардан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЭШФ АЖ кейіннен енгізе отырып, шот-фактура жазып берге;
- 2024 жылғы 9 қаңтардан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ енгізе отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжат ресімдеуге.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.
ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері белгіленген уақытта ЭШФ АЖ ТІЖ болуы туралы талаптар қоймайды.
Қазіргі уақытта ЭШФ АЖ штаттық режимде жұмыс істейді.