
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
Экономикалық тергеулер қызметінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимылы туралы брифингі өтті
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің басымдық бағыттарының бірі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл болып табылады.
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында орналастырылуға жатады.
Осыған қарамастан, қаскөйлер еліміздің басқа бөліктерінде өздерінің жасырын казиноларын орналастыруды жалғастыруда. Тек жыл басынан бастап Экономикалық тергеу қызметі Қарағанды облысының аумағында 8 заңсыз ойын мекемелерінің қызметін тоқтатты.
Олардың кейбіреулері бойынша сот үкімі күшіне енді.
1. Облыстық МКД ЭТҚ КЭҚІҚБ өндірісіне белгісіз тұлғалардың Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесі, 14 мекенжайы бойынша электрондық казино ұйымдастырғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
18.02.2017 жылы өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы ойын мекемесінің қызметінің жолн кесті.
Оқиға орнын қарау барысында жүйелік блок түрінде 14 дана ойын жабдығы, 680 000 теңге сомасында ақшалай қаражат және басқа да заттар мен құжаттар алынды.
13.04.2017 жылы Жезқазған қалалық сотымен Б.Наталиев ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп мойындалды, айыптау шарасы – 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл.
2.Облыстық МКД ЭТҚ КЭҚІҚБ өндірісіне белгісіз тұлғалардың Сәтпаев қаласы, Комаров көшесі, 6 мекенжайы бойынша электрондық казино ұйымдастырғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
19.02.2017 жылы өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы ойын мекемесінің қызметінің жолын кесті.
Оқиға орнын қарау барысында жүйелік блок түрінде 4 дана ойын жабдығы, 28 000 теңге сомасында ақшалай қаражат және басқа да заттар мен құжаттар алынды.
13.04.2017 жылы Сәтпаев қалалық сотымен А.Кайрбеков ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп мойындалды, айыптау шарасы –500 АЕК мөлшерінде айыппұл
3. Облыстық МКД ЭТҚ КЭҚІҚБ өндірісіне белгісіз тұлғалардың Сәтпаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 6 үй, «Кооператор» дүкені, Сәтпаев даңғылы, 108А үй, «Ұлытау Мол» мекенжайлары бойынша ойын автоматтары түрінде заңсыз ойын бизнесін (сары-жасыл терминалдар) ұйымдастырғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті
19.02.2017 жылы өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы ойын мекемелерінің қызметінің жолын кесті.
Оқиға орнын қарау барысында ойын терминалдары түрінде 4 дана ойын жабдығы алынды.
Сәтпаев қалалық сотымен С.Гребенюк ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп мойындалды, айыптау шарасы –1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу.
4. Облыстық МКД ЭТҚ КЭҚІҚБ өндірісіне белгісіз тұлғалардың қарағанды қаласы, Язев көшесі,21 үй мекенжайы бойынша электрондық казино ұйымдастырғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті
26.04.2017 жылы өткізілген ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен бірлесе отырып жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы ойын мекемесінің қызметінің жолын кесті.
Оқиға орнын қарау барысында жүйелік блоктары түрінде 5 дана ойын жабдығы, 1 ноутбук, 144 000 теңге сомасында ақшалай қаражат және басқа да заттар мен құжаттар алынды.
23.05.2017 жылы Қазыбек би атындағы аудандық сотпен Р. Дикеров ҚР ҚК 307-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыс жасауда кінәлі деп мойындалды, айыптау шарасы –1 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығын шектеу.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі алаңдарды жалға берететін кәсіпкерлердің назарына 2016 жылғы 9 сәуірде «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) қабылданғанын жеткізеді.
Заң оны ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды, лотерея және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің ұйымдық негіздерін белгілейді, 2016 жылғы 21 сәуірде жарияланды және жарияланғаннан кейін 10 күн ішінде, яғни 2016 жылғы 2 мамырда қолданысқа енгізілді.
Заңның 5-бабына сәйкес «Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея, сондай-ақ Заңмен көзделмеген өзге де лотереяны өткізуіне тыйым салынады. Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді лотерея түрінде өткізуге жол берілмейді» Осы норма Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң, яғни 2016 жылғы 2 қарашада қолданысқа енгізіледі
Осылайша, 2016 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Үкіметімен белгіленген лотерея операторынан («Сәтті Жұлдыз» АҚ) рұқсат беру құжатының бар болуы жағдайларын қоспағанда, барлық «лотерея терминалдарының» (сары-жасыл аппараттар) қызметіне тыйым салынады.
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі заңсыз ойын бизнесін, соның ішінде «лотерея терминалдары» түрімен ұйымдастырғаны үшін ҚР ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.
Осыдан басқа, ҚР ҚК 307-бабымен заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жай ұсынуға жауаптылық көзделген.
Осыған байланысты, Экономикалық тергеу қызметі жалға берушілерге «лотерея терминалдарының» иелерімен жалға беру шарттарын бұзу туралы мәселені қарастыруды ұсынады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)