Жарияланған күні: 01.11.2019 15:12
Өзгертілген күні: 01.11.2019 15:52

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

1 қараша 2019 ж.                                                                                       Алматы обл.

 

Қазақстан азаматы Қытайға 7 млн. аса теңге көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты алып өтпек болған

 

Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері Алматы облысы бойынша ЭТД  қызметкерлерімен бірлесіп "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде қол жүгінде белгіленген нысанда декларацияланбаған 130 000 қытай  юані ақша қаражатын, бұл баламада 10 423 АҚШ долларын құрайды (31.10.2019 жылғы ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамының жағдайы бойынша 7 159 100 теңге немесе 18 425 АҚШ долларын құрады).

Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы. Тәртіпке сәйкес декларацияланған қаражат сомасына салық саланбайды.

10 мың АҚШ долларынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады.