
2022 жылғы 6 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің және Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің үшжақты кездесуі өтті.
Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Данияр ЖАНӘЛІНОВ, Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің Төрағасы Владимир ОРЛОВСКИЙ, Армения Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ашот МУРАДЯН қатысты.
Басшылар заманауи жағдайларда үш кеден қызметінің өзара іс-қимылы шеңберінде перспективалық, оның ішінде ЕАЭО-да көлік қозғалысын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды пайдалану туралы келісімді іске асыру шеңберінде навигациялық құрылғыларды пайдалану міндеттерді белгіледі.
Кездесуге қатысушылар кедендік әкімшілендіру саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ туындаған проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
Сапар шеңберінде қатысушылар ең ірі көлік-логистикалық орталықтарының бірі «Щитомиричи» мысалында навигациялық құрылғыларды пайдалана отырып кедендік ресімдеу тәртібімен және жүктерді өңдеу технологиясымен танысты.