Жарияланған күні: 31.10.2019 15:15
Өзгертілген күні: 31.10.2019 15:33

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2019 Ж. 30 ҚАЗАН                                                                                                 Нұр-Сұлтан қ.

 

Қазақстан кәсіпкері Ресейден тауарлар әкелудің анықталған фактісін мойындаудан бас тартты

 

Қазақстандық кәсіпкер Ресейден тауарларды әкелуде салық төлеуден жалтаруға тырысты.

2019 жылғы маусымда ДК иесі Ресей Федерациясынан жалпы салмағы 19 820 кг. болатын 8 370 810 теңге сомасында жұмысшыларға арналған қолғап әкелген, ҚҚС сомасы 1 004 497 теңгені құрады.

Бақылау нәтижесінде салық төлеушінің аталған кезең бойынша салық есептілігін ұсынбағандығы және салық төлемегені анықталды.

Хабарламаға жауап ретінде салық төлеуші ​​2019 жылғы маусымда тауар әкелмегенін, сәйкесінше салықтық есептілік нысанын ұсынбағанын түсіндірді.

2019 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Батыс Қазақстан облысының «Сырым» өткізу пунктінде тіркемесі бар автокөлік тоқталып, онда құжаттарға сәйкес импорттаушы ресейлік жеткізушіден 5 263 608 теңге сомасына 1 455 қап (375 390 жұп) мөлшерінде жұмыс қолғаптарын Қазақстанға әкелгені анықталған, ҚҚС сомасы 631 633 теңге. Мән-жайды анықтау барысында ол аталған тауарды шынымен импорттайтынын түсіндірді. 650 000 теңге мөлшерінде салық сомасын төлеп, салық есептілігін тапсыруға міндеттенді.

Тексеру барысында кәсіпкердің осындай ұқсас тауарларды елге әкелуі алғаш факті емес екендігі белгілі болды.

Осыған байланысты, кәсіпкер ағымдағы жылғы маусымда тауарларды әкелуге қатысты түсінік берді. Ол тауар әкелгенін, бұған дейін хабарламаға теріс жауапты қателесіп бергенін мойындап, 1 005 000 теңге мөлшерінде ҚҚС сомасын төледі. Толық салық есептілігін тапсыруға міндеттенді.

Салық төлеушіге 1 655 000 теңге төленген салықтан басқа, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 287-бабына сәйкес импортқа ҚҚС-ты уақтылы төлемегені үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.