Жарияланған күні: 27.05.2022 13:16
Өзгертілген күні: 27.05.2022 13:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Комитет) Корея Республикасының кеден қызметінің қолдауымен Сеул қаласында өтіп жатқан Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) Кедендік ынтымақтастық комитетінің кеден әкімшіліктері басшыларының форумына қатысуда. 

Қазақстандық делегацияны Төрағаның орынбасары Қ. Жұмағұлов  және Электрондық декларациялау департаментінің директоры                                  Ж. Дүйсембиев бастады.

2022 жылғы 24 мамырда форум шеңберінде Комитет төрағасының орынбасары Кореяның кеден қызметінің комиссары Юн Тхэ Шик мырзамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері мен келешегін талқылады.

Қ. Жұмағұлов Корея Республикасы дәстүрлі түрде Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің ондығына кіретінін және екіжақты тауар айналымының серпіні тұрақты өсуді көрсетіп отырғанын атап өтті.

Тараптар кедендік әкімшілендірудің бірқатар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігі туралы келісті.  Атап айтқанда, қазақстандық тарап экспорттық декларациялардан алынған мәліметтер бойынша алдын ала ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл мәселесін қарауды ұсынды.  Корея тарапы бұл ұсынысты қолдап, қазақстандық бастаманы ілгерілетуге дайын екенін растады.

Сондай-ақ, Қ. Жұмағұлов пен Юн Тхэ Шик мырза кеден ісінде жаңа ақпараттық шешімдерді қолдану, атап айтқанда жасанды интеллект, машиналық оқыту және үлкен деректерді қолдану мәселелерінде тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін растады.