
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан – өзбекстан жерінде кеден шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғалар үшін Өзбекстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат
Жеке тұлға Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде жолаушылар кедендік декларациясын толтырады, декларацияның үлгісі барлық республиканың шекара маңындағы кеден бекеттерінде сондай-ақ, халықаралық әуежайларында бар.
Өзбекстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік тұлғалар сондай-ақ, Өзбекстанға ұшып келуші қонақтар және Өзбекстан Республикасының азаматы:
1. жолаушылар кедендік декларациясымен жазбаша декларациялаумен шектеусіз санда қолма қол шетел валютасын:
2. Комерциялық мақсат үшін емес тауарлар.
а) кедендік төлемдерді төлемей (баж, ҚҚС) құны:
мемлекеттің аумағынан тыс әкелінген (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғаныстан,Түрікменстан) - 10 (он) АҚШ долларға дейін;
Қалған мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарлар үшін - 1000 (мың) АҚШ долларына дейін;
б) акциздерге салықтарды төлемеу келесідей санда ел аумағына әкелуге құқығы бар:
Тауарлардың атауы
|
Акциздерге салықтарды төлемеуге жатқызылмайтын тауарларды әкелудің нормалары (бір адамға) |
Күйдірілген немесе күйдірілмеген, кофеинмен немесе кофеинсіз кофе |
2 кг |
Бекіре уылдырықтары |
0,5 кг |
Орнын ауыстыратын уылдырықтар |
1 кг |
Кондитерлік өнімдер |
5 кг |
Плитка және төрт бұрышты шоколад |
5 кг |
Астықтан жасалған өнімдер, дәнді нандар, крахмал және ұн, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер |
10 кг |
Жемістер, жаңғақтар немесе басқа да өсімдіктерден, көкеністен дайындалып жасалынған өнімдер |
5 кг |
Аралас тағамдық өнімдер |
2 кг |
Сыра |
2л |
Алкогольсыз сусындар, шырындар (цитрусты өсімдіктерден жасалғандарды қоспағанда) |
2 л |
Барлық түрдегі алкоголды өнімдер (сырадан басқа) |
2 л |
Барлық түрдегі темекі бұйымы |
сигареттер, сигаралар, папиростар 10 пачка санда |
Парфюмерия |
барлық атау бойынша 2 бірліктен |
Автокосметика |
барлық атау бойынша 2 бірліктен |
Жуатын, тазалайтын құралдар |
5 кг |
Ескертпе: акциздік салықтарды төлеуге жатқызылмаған жоғарыда көрсетілген тауарлардың нормалары, мемлекеттің аумағынан тыс әкелінген (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғаныстан,Түрікменстан) тауарларға қолданылмайды.
Комерциялық емес мақсат үшін тауарларды декларациялау, тауарларды бажсыз әкелу нормаларынан аспайтын санда және құнында және тауарларды әкелу нормалары акциздік салық салуға жатқызылмайтын тауарлар ауызша түрде жасалады.
Комерциялық емес мақсат үшін тауарларды жеке тұлғалармен әкелінетін қол жүктерінде және алып жүретін жүктерде, құны және (немесе) саны тауарларды әкелу нормалары және бажсыз әкелу нормаларынан асса мұндай асып кету бөлігінде акциздік салық салуға жатқызылмайтындарға кедендік төлемдерге салынады.
1. Әр-түрлі атаудағы 10 дәрілік препараттарға дейінгі санда дәрі құралдары және 5 орамнан аспайтын дәрі құралдары оның ішінде әр-қайсысы медециналық бағытта жасалғандар саны 5 бірліктен аспау.
Бұл ретте, бір орамда мыналар болуы керек:
– қатты дәрілерлің түрлері (таблетка, драже, түйіршіктер, ұнтақтар, касулалар) - 100 бірліктен көп емес;
– ұнтақ дәрілер үшін, қолданылатын ерітінді дайындау үшін –
500 г. көп емес;
– түйіршік түріндегі гомеопатикалық дәрілік құралдар үшін – 50 г. көп емес;
– инфузиондық ерітінділер, ерітінділер, ішуге қолданылатын – 500 мл. көп емес;
– инъекция үшін ерітінделер – 10 ампуладан немесе 10 флаконнан көп емес;
– сыртқа қолданылатын дәрілер үшін – 200 мл немесе 200 г. көп емес.
– Дәрі-дәрмек құралдары және медициналық бағытта бұйымдар өндіруші ораған орамада болу қажет.
Өзбекстан Республикасы аумағына әкелуге тыйым салынады:
а) есірткі құралдары, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлар (заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
б) қоғамдық және мемлекеттік құрылысты құлатуға бағытталған, аумақтық тұтастықты бұзуға, мемлекет егемендігіне және саяси тәуелсіздікті, соғысқа насихат, терроризмге, күштеуге, ұлттық және дінаралық қақтығыстарға, нәсілдік және оның түрлері (антисемитизм, фашизм), басып шығарылған, қолжазба, клише, суреттер, фотосуреттер, фотопленкалар, негативті суреттер, видое және аудио өнімдер, дыбыс жазбалар, дыбыс жазғыштар, дыбыс жазулар, сондай-ақ, порнографиялық мазмұндағы материалдар;
в) лезерлі сәуле шығаратын портатив;
г) жарылғыш заттар және жару ұүралдары;
д) ұшкышсыз ұшатын аппарттар;
Өзбекстан Республикасы аумағына әкелелінетін қару-жарақтар, ұрыс керек жарағы; өсімдік және жануарлар әлемінің объектілері; радиоэлектронды құралдар және жоғары жиелілікті құрылғы; мәдени құндылықтар; (мүсін тәрізді өндірілгендер, дәстүрлі халықтық көркемдік ойдан шығарылған бұйымдар т.т.) уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда және оларды жолаушылар кедендік декларациясымен міндетті декларациялау қызметімен босатылады.
Өзбекстан Республикасынан тыс қолма-қол шетел валютасын әкету:
а) Өзбекстан Республикасының азаматы, сондай-ақ, шетел азаматы және азаматтығы жоқ түлға, Өзбекстан Республикасында тұрақты тұрауға рұқсаты барлар;
2000 (екі мың) ақш долларына балама сома шеңберінде рұқсат алмай;
2000 (екі мың) ақш долларынан жоғары балама сомада Өзбекстан Республикасының Орталық банкі немесе уәкілетті банкінің келісімімен;
5000 (екі мың) ақш долларынан жоғары балама сомада Өзбекстан Республикасының Орталық банкі келісімімен;
б) Өзбекстан Республикасында тұрақты тұрмайтын басқа шетел азаматы және Өзбекстан Республикасының азаматы – республикаға әкелінген сома шеңберінде, сәйкесінше жолаушылар кедендік декларациялайды. Өзбекстан Республикасына кірген кезде кедендік декларацияда көрсетілген сомадан жоғары қолма-қол шетел валютасын әкетуді Орталық банктің немесе уәкілетті банктің рұқсатымен жол беріледі.
Өзбекстан Республикасынан әкетуге тыйымсалынғандар:
а) есірткі құралдары, жүйкеге әсер ететін заттар және прекурсорлар (заңнамада қарастырылған жағдайларды қоспағанда);
б) астық ( бидай, сұлы, арпа, күріш, жүгері, қара құмық); нан өнімдері ұннан жасалған кандитерлік өнімдер, бәліштер, үйде пісірілгендерден басқа); ұн, жарма; үй жануарлары, құстар, қант, өсімдік майлары, былғары шикізаты (сондай қалыптан тыс былғары), бағалы ішік- тон шикізаты, оның ішінде, қаракөл былғары шикізаты (сондай қалыптан тыс былғары), сынықтар, түсті метал қалдықтары, жібек құрты тарқату мүмкіндігі бар болғанда, жібек шикізаты (оралмаған) жібек қалдықтары (оның ішінде жібек құртын тарқату мүмкіндігінсіз, жібек жіптерінің қалдықтары, және жеңіл қалдықтар); жарамсыздық, кесінді және скрап (қалдық) полиэтилентерефталат (ПЭТ), сонда-ақ, биологиялық объектілер, заңнамамен белгіленгене тізілімге сәйкес республикадан әкетуге рұқсат етілмеген.
Өзбекстан Республикасынан әкетілетін қару-жарақтар, ұрыс керек жарағы; өсімдік және жануарлар әлемінің объектілері; радиоэлектронды құралдар және жоғары жиелілікті құрылғы; мәдени құндылықтар; (мүсін тәрізді өндірілгендер, дәстүрлі халықтық көркемдік ойдан шығарылған бұйымдар т.т.) уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда және оларды жолаушылар кедендік декларациясымен міндетті декларациялау қызметімен босатылады.
Дәрі-дәрмек құралдарының саны әр-түрлі атауда 10 дәрілік препараттарға дейінгі санда және 5 орамнан аспайтын дәрі құралдары оның ішінде әр-қайсысы медециналық бағытта жасалғандар саны 5 бірліктен аспаса әкетуге рұқсат беріледі.
Бұл ретте, бір орамда мыналар болуы керек:
– қатты дәрілерлің түрлері (таблетка, драже, түйіршіктер, ұнтақтар, касулалар) - 100 бірліктен көп емес;
– ұнтақ дәрілер үшін, қолданылатын ерітінді дайындау үшін –
500 г. көп емес;
– түйіршік түріндегі гомеопатикалық дәрілік құралдар үшін – 50 г. көп емес;
– инфузиондық ерітінділер, ерітінділер, ішуге қолданылатын – 500 мл. көп емес;
– инъекция үшін ерітінделер – 10 ампуладан немесе 10 флаконнан көп емес;
– сыртқа қолданылатын дәрілер үшін – 200 мл немесе 200 г. көп емес.
– Дәрі-дәрмек құралдары және медициналық бағытта бұйымдар өндіруші ораған орамада болу қажет.
Бұдан басқа Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 қазандағы ЖУП-1871 өкімінің №5 қосымшасымен бекітілген импорттауға (әкетуге) тыйым салынған құралдар тізілімі - қоғамдық және мемлекеттік құрылысты құлатуға бағытталған, аумақтық тұтастықты бұзуға, мемлекет егемендігіне және саяси тәуелсіздікті, соғысқа насихат, терроризмге, күштеуге, ұлттық және дінаралық қақтығыстарға, нәсілдік және оның түрлері (антисемитизм, фашизм), басып шығарылған, қолжазба, клише, суреттер, фотосуреттер, фотопленкалар, негативті суреттер, видое және аудио өнімдер, дыбыс жазбалар, дыбыс жазғыштар, дыбыс жазулар, сондай-ақ, порнографиялық мазмұндағы материалдар.
Осыған байланысты, кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалармен өткізілетін ұялы телефондар, смартфондар, алып жүретін компьютерлер (ноутбук) және басқа да мәлімет тасығыш ұстаушыларды республика аумағына жоғарыда көрсетілген материалдарды енуіне жол бермеу мақсатында Өзбекстанның шекара маңы кеден посттарының қызметкерлері тексеріс жүргізуде.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)