Жарияланған күні: 02.07.2019 18:06
Өзгертілген күні: 02.07.2019 18:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМНЫҢ САЯСИ КОМИССИЯСЫНДАҒЫ МҮШЕЛІГІН АЯҚТАДЫ

 

ДКҰ-ның 81-ші сессиясына қатысу 2 жылдық мандаттың (2017-2019 жж.) аяқталуына байланысты Ұйымның саяси комиссиясына Қазақстан Республикасының мүшелігі аяқталды. Қазақстандық мамандардың жасаған жұмысын бағалаған ДКҰ Кеңесі Республикамызды Еуропалық аймақтың «Шығыс» аймағындағы Қаржы комитетінің ресми мүшесі ретінде қосу туралы шешім қабылдады.

 

2019 жылдың 27-29 маусым аралығында Бүкіләлемдік кеден ұйымының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында  БКҰ-ның жоғары органы - Кеңестің №133/134 сессиясы  өтіп, оған  600-ге жуық кедендік әкімшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сессия барысында қазақстандық тарапты ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жетекшісі Ермек Қожабергенов таныстырды.

Іс-шара барысында Үйлестірілген Жүйе және Киото конвенциясын кеңейтілген қайта қарауы, кедендік қызметті бағалау, электрондық сауда үшін базалық стандарттар, институционалдық даму, саудаға жәрдемдесу, бюджеттік және қаржылық басқару мәселелері бойынша елдерге техникалық көмек көрсету сияқты мәселелер қаралды.

Кеңестің 133/134-ші отырысы барысында қазақстандық делегация ДКҰ Бас хатшысы К.Михуриямен және ДКҰ Заңды сақтау және оңайлату жөніндегі дирекциясының директоры А.Хинхоспен кездесулер өткізді. Кездесу барысында болашақ бірлескен жобалар мен ұйыммен ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Түркия мен Мексиканың кеден қызметтерімен кедендік ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы екіжақты келіссөздер жүргізілді.

ДКҰ Кеңесінің отырысында сайлау өткізілді және ДКҰ-ның негізгі жұмыс органдарына мүше елдер - Саяси комиссия, Қаржы комитеті, Аудит жөніндегі комитет, сондай-ақ барлық алты өңірдің вице-төрағалары мен ДКҰ Кеңесінің Төрағасы арасында мүшелік бөлу болды.

Уганда БКҰ Кеңесінің Төрағасы болып сайланды, Әзірбайжан Республикасы Еуропалық аймақтың Вице-төрағасы болып тағайындалды. Сессия барысында Корея Республикасынан үміткер Т.Канг ДКҰ Институционалдық даму жөніндегі директорының лауазымына бекітілді. Қазіргі уақытта Үнді кеден қызметінің бастығы П.К. Даш Заңнама мен саудаға жәрдемдесу жөніндегі ДКҰ дирекциясының директоры болып сайланды.

81-ші сессияға қатысу 2 жылдық мандаттың (2017-2019 жж.) аяқталуына байланысты Ұйымның саяси комиссиясына Қазақстан Республикасының мүшелігін аяқталды. Бұрын Саяси комиссия мен Қаржы Комитетінің мүшесі ретінде өткізілген Қазақстанның жұмысын бағалаған ДКҰ Кеңесі Қазақстан Республикасын Еуропалық аймақтың «Шығыс» аймағындағы Қаржы комитетінің ресми мүшесі ретінде қосу туралы шешім қабылдады.

Қаржы комитеті ДКҰ қызметінің негізгі бағыттары бойынша қаржыландыруды анықтайды және бөледі, кеден саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеуді бекітеді, ұйымның тиімділігін бағалайды және кеден саласында стратегиялық сипаттағы басқа мәселелерді қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы 2014 жылдан 2016 жылға дейін Қаржы комитетінің мүшесі болды. ДКҰ-ның Қаржы Комитетіне мүше болу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс комитеті өте маңызды мәселе - орыс тілінде сөйлейтін ДКҰ-ға мүше елдерді қосымша тілдерді (орыс, араб, испан және португал тілдеріне) қолдау көрсету үшін қаржыландыру деңгейін арттыру ұсынысын бастады.

Қаржы комитетінің мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы ДКҰ жұмысында кедендік әкімшіліктерді тарту деңгейін арттыру мақсатында ДКҰ-ға қосымша тілдерді енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)