
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрық (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) табиғи өсімдіктер ресурстарын және өсімдіктер дүниесінің генетикалық қорын сақтау, молықтыру, ұтымды және теңгерімді пайдалану, халықтың осы табиғи ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктердің түрлерін дайындау (жинау) кезінде арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны енгізуді көздейтін Салық кодексінің 584-588-баптарына сәйкес (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) әзірленді.
Осы бұйрықты қабылдаудың мақсаты орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті орган салық органдарына ұсынатын өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысанын бекіту болып табылады.
Аталған Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14128566) 28.04.2022 жылы орналастырылған.