Жарияланған күні: 16.06.2023 17:41
Өзгертілген күні: 16.06.2023 21:00

        Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

        Бұдан басқа, бизнесті қолдау мақсатында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында есепке алу-бақылау маркасын (бұдан әрі – ЕБМ) өндіру/импорттау үшін дайындауға өтінім беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

       Салық тәртібін күшейту мақсатында, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен салық есептілігінде бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілгендігі анықталған кезде ЕБМ беруден бас тарту көзделді.

       Осы бұйрық 2023 жылғы 9 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id= 14604023