Жарияланған күні: 01.11.2022 21:21
Өзгертілген күні: 03.11.2022 12:43

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерту енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

      Жоба «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығымен сәйкестікке келтіру үшін әзірленді.

      Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 1 қарашасында орналастырылған.

      Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 15 қарашасына дейін.