
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылдың 10 айдын ішіндегі
Экономикалық тергеу қызметінің жұмыс қорытындысы туралы хабарлады
Қызметтің негізгі мақсаты мемлекет пен бизнестің мүддесін қорғау болып табылады. Бүгінгі күні мемлекетке келтірілген залалды нақты өндіріп алу, кәсіпкерлерді қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды азайтуды қамтамсыз ету бойынша жұмыс үшін қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері құрылды.
Қазіргі танда материалдарды Сотқа дейінгі тергеп-тексеру біріңғай тізіліміне тіркеу тәртібі түбегейлі өзгертілді, бүгінгі күнгі қылмыстық процеске негізсіз бизнесті тартуға жол бермеу туралы талапқа сәйкес ЭТҚ жұмысты ұйымдастыруы қайта қаралды.
Сотқа дейінгі тергеу залал сомасы анықталып, уәкілетті органдардың актілерімен, басқа да құжаттарымен расталған жағдайда ғана басталады.
Ағымдағы жылғы 10 айда өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда тіркелген қылмыстық істердің саны 2 есеге азайды (6 482-ден 3 383 дейін).
Ол Комитеттің қылмыстық ықпал ету шараларын негізді қолданатындығын көрсетеді. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеу сапасы жақсарды.
Аяқталған қылмыстық істердің саны 1,5 есе артты және өндірісте болған істердің 65%-ын құрады.
Залалды өндіру 47%-дан 75%-ға дейін немесе 28%-ға өсті.
Маңызды қылмыстарды анықтауға ерекше көңіл бөлінді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 54 қылмыстық іс тергеліп, оның 39-ы сотқа жолданды, соттың санкциясы негізінде 2 млрд. теңгенің мүлкіне тыйым салынды.
Одан басқа, Экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 1 711 қылмыстық іс болып, оның 60% бойынша өндіріс аяқталып, қалғандары бойынша тергеу жалғасуда.
Қылмыстық істердің аясында салықтық тексерулерді тағайындау практикасы біршама азайтылды.
Жалған шот-фактуралар жазу фактілері бойынша келтірілген залал сомасын анықтау үшін салықтық тексерулер тағайындалмайды. Ол үшін салық органының мамандары тартылып (ҚР ҚПК 80-бабының негізінде), қолда бар құжаттар мен ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде қашықтықтан зерттеулер жүргізеді және тиісті қорытынды береді. Осыған байланысты, барлық салықтық кезең тексеруге тартылмайды, тек нақты мәмілелер ғана зерттеледі. Тиісінше, мекемелердің қызметіне араласпайды.
Ағымдағы жылғы көрсетілген кезеңде жалған шот-фактуралар жазу фактілері (ҚК 216-бабы) бойынша өндіріспен 295 қылмыстық іс тоқтатылса, өткен жылдың ұқсас мерзімінде – 267 болып, 28 іске өскені байқалады.
Жалпы, ағымдағы жылғы 10 айда салық төлеуден жалтару фактілері (ҚК 245-бабы) бойынша өткен жылдың ұқсас мерзіміндегі 274 іске қарағанда өндіріспен 381 қылмыстық іс аяқталып, сотқа дейінгі тергеу сапасының жақсарғанын білдіреді.
Егер басым бағыттар бойынша қараса, бұл экономиканың «көлеңкелі» секторында құқыққа қарсы әрекеттерді, сонымен қатар бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтау болуы мүмкін.
Бюджеттік және мемлекеттік сатып алулар саласында 820-ге жуық, квазимемлекеттік секторда – 246 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде, бірқатар ірі компаниялар бойынша салықтарды төлеу және салық жүктемесінің коэфициенті артты; мемлекеттік қаржыны жымқыруға жол берілмеді.
Басқа бағыттар бойынша да оң нәтижеге қол жеткізілді:
Ағымдағы жылғы 10 айда жалған ақша дайындау фактілері бойынша 211 қылмыс тіркелді. Ақша айналымынан 6 млн. теңге сомасына 2 906 жалған купюра алынып, сонымен қатар 25 млн. теңгеден астам сомаға жалпы саны 478 дана шетел валютасы алынды.
Жалған ақша белгісін әзірлейтін 4 жасырын цехтың жолы кесілді.
Заңсыз ішімдік өнімдерінің айналымы саласында жедел жолмен ішімдік өнім заңсыз әзірленген 39 жасырын цехтың жолы кесіліп, 621 мың жалған есеп-бақылау маркалары, 3 млн. 800 мың бөтелке есепке алынбаған ішімдік өнімдері мен 143 мың литр спирт алынды.
Жедел ақпараттардың және сақ азаматтардың көмегімен 126 жалған терминалдардың, 204 электрондық казино және басқа да 104 терминалдардың жолы кесілді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)