Жарияланған күні: 14.03.2016 20:31
Өзгертілген күні: 14.03.2016 20:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

2016 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Наурыз-мейрамы» мерекесіне арналған Комитеттердің, орталық аппаратының және Қаржы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 8 командасының қатысуымен шағын футбол бойынша Турнир өтті.

Спорттың мұндай мерекесін өткізу – салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттеу, дене шынықтыруға және спортқа баулу болып табылады.

Шағын футбол бойынша турнирдің барлығы тайсалмас күреске, ойын-сауыққа, эмоциялармен және жанкүйерлердің уайымдарымен ұласты.

Финалдық шиеленіскен күресте ҚР Қаржы министрлігінің орталық аппаратының командасы жеңіске жетті, 2-орын «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ командасында болды, 3-орынды Министрліктің Қазынашылық комитетінің командасы алды. 

Турнирдің жеңімпаз командалары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі