Жарияланған күні: 10.01.2024 01:19
Өзгертілген күні: 10.01.2024 01:22

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 33817 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды:

1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде
шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығында:

- қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры түзетілген және қосымша ЭШФ (салық және азаматтық заңнамада белгіленген мерзімдерде) жазып беру мүмкіндігі алынып тасталды;

- өнім беруші санатына Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қосылды;

- ЭШФ валюталық шарттың нөмірін көрсететін жолмен толықтырылды (50 000 АҚШ долларынан жоғары).

2. «ЭШФ АЖ «ВҚ» модулі арқылы ЭШФ жазып берілетін тауарлар тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығында «ВҚ» модуліндегі ЭШФ жазып беру жөніндегі тауарлардың тізбесі «газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын» акцизделетін тауарлармен толықтырылды (пп. 5) Салық Кодексінің 462-бабы).

3. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 «ТІЖ-ды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ ТІЖ-ды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында:

- ТІЖ ресімдеу жөніндегі тауарлардың тізбесі «газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын»акцизделетін тауарлармен толықтырылды;

- ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде автомобиль өткізу пунктінде тасымалдаушы (жүргізуші, экспедитор, курьер) ТІЖ тіркеу нөмірін ұсынуды көздейді;

- әрбір автокөлік құралына ТІЖ-ды жеке ресімдеу.

Бұдан басқа, ТІЖ ресімдеу кезінде жекелеген жолдарды/бағандарды толтыру міндеттілігі енгізілді:

- ТІЖ-да автокөлік құралының мемлекеттік нөмірін көрсету;

- жүк жөнелтуші (алушы/тасымалдаушы) ЖСН/БСН бағандарын толтыруы, егер ол бейрезидент болып табылса (бейрезидент тасымалдаушының сәйкестендіру коды (нөмірі) көрсетіледі).

Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді.