
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді. Жоба 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 44-тармағын орындау шеңберінде, Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамына кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеушілер, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызыметті жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) үшінші тұлғалар кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың иелігіндегі шектелген мүлікті және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды сату бойынша функцияны беру мақсатында әзірленді.Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 6 сәуірде орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 27 сәуірге дейін.