
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 Қаулысына өзгертістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 7-бабының 4) тармақшасына, 9-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, 26-бабының 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына, 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 5-тармағының 2) және 5) тармақшаларына сәйкес, «Қазақстан республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына және 12-бабының 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықтың 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келтіру, және оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік органға жаңа өкілеттіктер беру көзделген, мемлекеттік органның өкілеттіктерін кеңейту (тарылту) және (немесе) алып тастау болып табылады.
Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.