Жарияланған күні: 02.03.2023 14:48
Өзгертілген күні: 02.03.2023 14:49

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 279/36-VII бірлескен шешіміне және Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1-3728 қаулысына, сондай-ақ «Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 511-89 бірлескен қаулысына және  Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы                         19 қаңтардағы № 315/39-VII шешіміне сәйкес әзірленді.

Жобаның мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын құру болып табылады.

Қаулының жобасы 2023 жылғы 23 ақпанда http://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14429291 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы            10 наурызға дейін.