
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-Комитет) тауарларға арналған ілеспе жүк құжатпен (ТІЖҚ) жұмыс жасау туралы алғашқы бейне оқулық, Комитеттің веб-сайтында ЭШФ АЖ бөлімінде жарияланғанын хабарлайды. Бейне оқулықта ТІЖҚ бизнес процестері ұсынылған:
- ТІЖҚ-пен жұмыс істеу үшін ЭСҚ АЖ-ге кіру.
- ЕЭО елдерінен импортқа ТІЖҚ тіркеу.
- ТІЖҚ және СЕН 328 салыстыруын қалыптастыру.
- Импорттық тауарларды сату үшін ТІЖҚ қалыптастыру.
- ТІЖҚ іске асыру үшін ЭШФ негізінде шығару.
Сіздерді бейне сабақты көруге шақырамыз!