Жарияланған күні: 12.12.2023 14:34
Өзгертілген күні: 12.12.2023 14:37

       12 желтоқсан-Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күні!

       Бұл күні 1991 жылғы Қазақстан Республикасының кеден органы құрылды.

       Осы жылдар ішінде Қазақстанның кеден органдары дамудың үлкен жолынан өтті. Осының барлығы ведомство алдында тұрған міндеттерді барынша сапалы шешуге мүмкіндік берді: контрабандалық және тыйым салынған тауарлардың, шетел валютасының әкелінуі мен әкетілуіне, баждарды электронды түрде төлеу мүмкіндігіне және т.б.

      Соңғы жаңалықтардың бірі – шекаралық өткізу пункттерінде автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі енгізілді, онда жүйе республикалық маңызы бар жолдар бойында көлік құралдарының кезегін болдырмайды және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кеденде рәсімдеу орталықтарында және "бір терезе" қағидаты бойынша тауарларды жеткізу орындарында интеграцияланған бақылауды енгізді.

      Барлық әріптестерімізді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылу күнімен құттықтаймыз!

​ Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік пен өркендеу, денсаулық пен табыс, жемісті еңбек, бақыт пен амандық тілейміз!