Жарияланған күні: 25.11.2022 12:51
Өзгертілген күні: 25.11.2022 12:53

 

       Уәкілетті экономикалық операторлар институтын (бұдан әрі – УЭО) өзара тану жөніндегі жұмыс шеңберінде 2022 жылғы 16-17 қараша аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Түркия Республикасы Cауда министрлігі (бұдан әрі – Тараптар) өкілдерінің екі жақты кездесуі өтті.

      Аталған іс-шара барысында Алматы қаласы бойынша МКД «Жетісу» және Жетісу облысы бойынша МКД «Нұр жолы» кеден бекеттеріне шығу жүзеге асырылды, онда Түрік делегациясының өкілдері кеден бекетіне тауарлардың келуі/кетуі кезінде кедендік бақылауды жүзеге асырумен танысты.

     Сондай-ақ, УЭО болып табылатын «Қазпошта» АҚ аумақтары мен үй-жайларында кедендік операцияларды жүзеге асыру демонстрациясы өткізілді.

     Сонымен қатар, түрік делегациясының өкілдері «KTZ Express» АҚ қызметімен УЭО тізіліміне енгізу шарттарын сақтау бөлігінде танысты (қоймаға кіруді және шығуды бақылау, бейнебақылау жүйесі және т.б.).

     Сапар қорытындысы бойынша Тараптар өкілдері УЭО мәртебесін беру бөлігінде екі мемлекеттің қолданыстағы кеден заңнамасының ұқсастығы бар екенін атап өтті, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында келісім жасасу рәсімін жеңілдетуге ықпал етеді.