
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – заң) (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 776-4-бабының 6-тармағын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Салық кодексінің 776-4-бабының 6-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды аудару және оларды жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер түрінде бөлу (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл, сондай-ақ оларды қайтару бойынша әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, салық салу саласындағы уәкілетті органмен, сондай – ақ мемлекеттік жоспарлау, денсаулық сақтау және цифрлық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып жүзеге асырылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ережесін сәйкестікке келтіру қажет.
2023 жылғы 17 сәуір бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).
Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 2 мамырға дейін.