
24 ақпан 2023ж. Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының қаржы Вице-Министрі Ержан Біржановтың Атырау облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуді Атырау облысының Әкім орынбасары Жасұлан Орақұлы Бисембиев ашып берді.
Кездесу барысында жаңа Салық кодексінің әзірленіп жатқан қағидаттары мен тәсілдері айтылды, оның шеңберінде салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі автоматтандыру және цифрландыру, салықтар санын қысқарту, кәсіпкерлер үшін салық салуды оңайлату және т. б. мәселелер айтылды.
Ержан Біржанов халықтың салық органдарының жұмысы туралы пікіріне, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге қатысты ұсыныстарына ерекше назар аударды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынанқойылған сұрақ –сауалдарына жауап берілді Жұмыс сапарының соңында өткізілген азаматтарды жеке қабылдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет және өңірдің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.