
Қазақстандық кеден саласының ардагері
Нұрлан Хайдоллаұлы Тілемісов 70 жаста
Бүгін, 17 сәуір күні, кеден қызметінің генерал-лейтенанты, ҚР Кеден комитетінің 1991-1993 жылдардағы Төрағасы Нұрлан Хайдоллаұлы Тілемісов 70 жасқа толып отыр.
Нұрлан Хайдоллаұлын мерейтойымен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қайтпас қажыр, отбасына ортаймас бақыт пен береке тілейміз!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы