
Жыл сайынғы Халықаралық кеден форумы ағымдағы жылғы 30-31 қазанда Мәскеу қаласында өтті, оның жұмысына Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы қатысты.
Бір алаңда 27 халықаралық делегация тәжірибе алмасып және көлік дәліздерін дамыту, сыртқы экономикалық қызметті қолдау және оңайлату, электрондық сауда, таңбалау және қадағалау жүйесі, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады. Форумды дәстүрлі түрде Ресейдің Федералды кеден қызметі ұйымдастырды.
Қазақстандық тарап форумда шекарадан өту кезінде көлікті сканерлеу суреттерін бақылау және кедендік декларациялар бойынша шешімдер қабылдау мүмкіндіктерін тікелей ел астанасында орталықтандыруды қоса алғанда, кедендік бақылау кезінде енгізілген оңайлатуларды таныстырды. Сондай-ақ, тауарларды лауазымды тұлғаның қатысуынсыз автоматты түрде шығару бөлігінде оңайлату таныстырылды, өткізу пункттерін жарақтандыру мен автоматтандыруды қоса алғанда, еліміздің шекара маңы инфрақұрылымын дамыту мәселелері қамтылды.
Бұдан басқа, форум шеңберінде қазақстандық делегацияның Куба Республикасы кеден әкімшілігінің өкілдерімен жұмыстық кездесуі өтті, онда тараптар ведомстволар арасында Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісім жасасудың практикалық аспектілерін талқылады.
Қосымша форум алаңдарында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден әкімшіліктерінің өкілдерімен ЕАЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді нақты іс жүзінде іске асыру кезінде үйлестірілген шаралар туралы талқылау өтті, ол келесі жылы іске қосылады.
Форумда таныстырылған сыртқы экономикалық қызмет саласындағы үздік әлемдік үрдістер мен тректер Қазақстан Республикасында кедендік әкімшілендіруді одан әрі дамыту, оңайлату және трансформациялау барысында ескерілетін болады.