
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАЛҒАН ҚҰЖАТПЕН 39 ЖҮК КӨЛІГІН ӘКЕЛУГЕ ӘРЕКЕТ ЕТКЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
«Нұр жолы» кеден бекетінде сәйкестігін бағалау туралы жалған құжатпен немесе контрабандамен қытайда шығарылған автомобиль құралдарын әкелу фактісі анықталды. Бұл авто, сондай-ақ ЕВРО-5 экология класына сәйкес келмейді.
Мемлекеттік кірістер және техникалық реттеу және метрология органдарының өзара іс қимылы барысында «Нұр жолы» кеден бекетінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сәйкестігін бағалау туралы жалған құжатпен, сондай-ақ ЕВРО-5 экология класына сәйкес келмейтін Қытай Халық Республикасында шығарылған 39 автомобиль құралдарын әкелу фактісінің жолын кесті.
Жоғарыда көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК 234-бабы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы көрнеу дұрыс емес декларациялаумен, оның ішінде жарамсыз, құжаттардың және көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынумен ұштасқан, алдау арқылы тауарларды өткізу бөлігінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономикалық контрабанда» 234-бабының қолданысына ұшырайтын құқық бұзушылық көзделеді.
Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тексеру іс-шараларын жүргізуде.
«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне әкелінетін көлік құралдарының сәйкестігі бойынша талаптарды сақтауын бақылауды күшейту мақсатында «Мемлекеттік кірістер органдары мен техникалық реттеу және метрологияның өзара іс қимылы туралы» ҚР ҚМ МКК 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 184 және ҚР ИИДМ КРМК 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 188-од Бірлескен бұйрығына қол қойылғанын ескертеміз.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)