Жарияланған күні: 06.03.2019 12:17
Өзгертілген күні: 18.03.2019 12:29

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Кеден бекеттерінің өткізу мүмкіндігі 12 есеге артады

 

2019 жылдың 6 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов депутаттардың алдында сөз сөйлеп, кеден бекеттерінің өткізу мүмкіндігі 12 есеге артатыны жоспарланғаны туралы хабарлады.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикасын дамытудағы басымдықтардың бірі - жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылатынын атап айтты. Осыған байланысты жүк транзитінің еркіндігін, көлік дәліздерін құруды және жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасындағы Қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымдарын дамыту қажет.

ЕАЭО-тың сыртқы шекарасының қазақстандық бөлігіндегі қазіргі бар инфрақұрылым өсіп жатқан ағынды біркелкі және жедел өткізуге мүмкіндік бермейтінін Министр атап өтті. Осы орайда ол мысал ретінде Қазақстан-Өзбекстан шекарасында туындаған ахуалды атап өтті. Қазақстан тарапындағы өткізу бекеттерінің алдында күн сайын тәулігіне 40-тан 70-ке дейін автокөлік құралдары жиналып қалуда, тасымалдаушылар кезекте 1 тәулікке дейін тұруға мәжбүр.

Өткізу мүмкіндігін ұлғайту үшін Қаржы министрлігі «Эталондық өткізу пункті» тұжырымдамасын әзірледі. Осы тұжырымдамаға сәйкес, қазақстандық өткізу пункттеріндегі қозғалыс ағынын (қозғалыс бағыттары қиылыспайтындай) міндетті түрде ажыратып бөле отырып, орналастыру жоспарлануда.

Бұл тұрғыда 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетіне жаңғырту және техникалық түгел жарақтандыру жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның іске асырылуын осы жылдың соңында бастауды және 2022 жылы аяқтау жоспарланған. ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарлардың барлық өту циклын автоматтандыру, кедендік әкімшілендіру деңгейін көтеруге, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл сыртқы экономикалық қатысушылардың қаржы шығындарына және елдің рейтингісіне оң әсер етеді.

Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалуы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатыны туралы Смайылов Ә.А. атап өтті. Жаңғырту нәтижесінде аталған бекеттердің өткізу мүмкіндігі 12 есеге дейін өсетін болады: егер тәулігіне 450 автокөлік құралдары өткізілсе, енді ол 5,5 мыңға жеткізіледі. Сонымен қатар, салықтық түсімдер ұлғаятынынан бөлек, ең бастысы – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырамыз. Уақыты бір сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады.   

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)