
2020 жылдың 4-6 наурыз аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы мен Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті бірлесіп «Кеден әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің бірыңғай жүйесін жүзеге асыру туралы ақпарат беру және халықаралық стандарттарға сәйкес тәуекелдерді басқару және жетілдіру саласында құзіретін жетілдіру, сонымен қатар тәуекелдер деңгейі жоғары салаларға назарды жұмылдыру, Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өте тез және жеңілдетіп өткізу үшін ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның модераторы-дәріскері ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Биекенов қатысты.
Дәріскерлер ретінде ҚР ҚМ МКК ТСжТБД Тәуекел-менеджмент басқармасының бас сарапшылары-Ләззат Даниярова, Талгат Оразбаев, Ольга Шварнева, сондай-ақ Болат Абдухалимов – ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы қатысты.
Қатысушылар тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаттарымен, тәуекелдерді талдау объектілерімен, кедендік реттеу саласындағы тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша уәкілетті органдардың қызметімен, кедендік рәсімдерді жеңілдету және үйлестірудегі әлемдік стандарттар және тәжірибесімен, ТБЖ енгізуде принциптермен, түрлерімен және элементтермен, іс-шараларды енгізу және болжамды нәтижелермен, СЭҚ қатысушыларын санаттаумен, АСТАНА-1 АЖ-дегі тәуекелдерді басқару жүйесімен, тәуекелдерді кескіндеу және өзекті мәселелерімен, тәуекелдерді басқару жүйесінің болашақтағы дамуымен таныстырылды.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.