Жарияланған күні: 15.03.2016 10:01
Өзгертілген күні: 15.03.2016 10:06

Кедендік реттеуге қатысты сұрақтарды дұрыс емес түсіндіруді болдырмау мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 01.01.2016 ж. қолданысқа енген 03.12.2015ж. № 432-V ҚР Заңымен енгізілген мынадай түзетулерді түсіндіреді.

 «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттарының бірі өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс болып табылады.

Аталған тармақта:

1. есепті жасау күні – бұл аудиторлық ұйым мен аудиттелетін субъектінің есепке екіжақты қол қойған күн;

2. Есепті жасау күнінің алдындағы күнтізбелік 36 ай деп есепті жасау күніне дейін соңғы толық күнтізбелік 36 ай түсініледі;

3. Аудиторлық есеп заңды тұлғаның күнтізбелік 36 айдың қортындысы бойынша кемінде 500 мың еуроны құрайтын меншік капиталы туралы ақпаратты камтуы тиіс;

4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіміне енгізу өтінішін өтініш беруші есепті жасаған күнінен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде  беруі мүмкін.