
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«КЕДЕНДІК СРАПТАМАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылдың 31 шілдесінен 2 тамызына дейінгі кезеңде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Кедендік сраптаманы тағайындау және жүргізу тәртібі» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдары қызметкерлерінің кедендік сараптаманы тағайындау және өткізу туралы білімдерін жетілдіру.
Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Орталық кеден зертханасының басшысы Есимова Мадина Манарбековна сөз сөйлеп, бұл тақырыптың Кедендік сараптаманы ұйымдастыруда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлерімен тығыз өзара әрекеттестігінің өзектілігін атап өтті.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімдерінің 64 қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде ОКЗ техникалық және технологиялық сараптама бөлімінің бас маманы Искаков Нурлан Жигерович және ОКЗ физика-химиялық зерттеулер бөлімінің бас маманы Смагулова Әсем Ізбасарқызы қатысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)