
Бүгін Мемлекеттік кірістер комитетінде Төраға Данияр Жанәлінов пен ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Эльдар Әлішеров Еуразиялық интеграцияның өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның өкіліне Қазақстанда әзірленген, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі аясында алып қою тізбесіне енгізілген тауарлардың айналымын бақылау процестерін толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық бақылау жүйесін көрсетті.
Сондай-ақ тараптар интеграциялық үдерістердің даму векторын салыстырып, еуразиялық интеграция призмасындағы кедендік реттеудің өзекті мәселелерін талқылады және Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Қазақстанның одан әрі ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.