Жарияланған күні: 13.04.2023 16:29
Өзгертілген күні: 13.04.2023 16:31

      «Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы  29 наурыздағы № 301 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) 8 сәуірден бастап күшіне енеді, онда уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай кедендік декларацияны толтыру жөнелту (шығарылған, транзит) елінде көзделсе, тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің болуын көздейді.

      Бұйрық тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаның бекітлуін қарастырады.

     Осы бұйрық Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/179297/kaz).