
«Кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді, нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту жөніндегі құзырет Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріледі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде белгіленетін болады, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру үшін әзірленді.
Қаулының жобасы 2023 жылғы 3 мамырда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14543290) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 19 мамарға дейін.
Қаулының жобасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 2023 жылы 2 тамызында қол қойды және 2023 жылғы 3 тамызында №639 шығарылды.