Жарияланған күні: 01.09.2023 22:44
Өзгертілген күні: 01.09.2023 22:45

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Әкімші» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді. Көрсетілген Заңмен «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы толықтырылды, оған сәйкес уәкілетті орган  әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлейді және бекітеді.

Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14676702  ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 18 тамызда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 4 қыркүйекке дейін.