
2022 жылғы 28 қыркүйекте ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Заң басқармасымен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері: кәсіпкерлік субъектілері, қарау мерзімі, талап қою мерзімі, АП-1 карточкалары» тақырыбында қашықтықтан виртуальдық конференция өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс. Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері: кәсіпкерлік субъектілері, қарау мерзімі, талап қою мерзімі, АП-1 карточкалары» қолдану принциптеріне, негіздеріне, тәртібіне түсіндіру.
Виртуальдық конференцияның тыңдаушылары ретінде мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің 349 қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде сөз сөйледі:
Ахметов Диас Канатович – Комитеттің Заң басқармасының бас сарапшысы.
Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті.