
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы» РММ-нің басты мақсаты Қазақстан Республикасның құқық қорғау және басқада арнайы органдары үшін кинологтарды қызметтік иттермен есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды, қаруды және валютан іздеу бойынша дайындау болып табылады.
Кинология жұмысын қорытындылау мақсатында 2017 жылғы 12 қазанда сағат 10.00-де Кинологиялық орталығында (Алматы қаласы) Орталықты басшысы Рыспек Жангиспекович Смаковтың төрағалылық етуімен 2017 жылғы 9 айы бойынша жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.
Кеңес кезінде, құрылымдық бөлімшелердің басшылары өткен кезеңде жоспарланған шаралардың орындалуы мен жалпы Кинологиялық орталығы бойынша 2017 жылғы ІV-тоқсанында атқарылатын жұмыс жоспарлары бойынша есеп берді.
Кинологиялық орталығының басшысымен, назарды қызметтің басты бағыттары оқу құрылымдарына, бөлінген ақша қаражаттарының негізді жұмсалуына және атқарушылық тәртіпке көңіл бөлуді атап өтті.
Кеңейтілген кеңестің соңында басшылықпен келесідей тапсырмалар берілді
Қаржылық қамтамасыз ету бөліміне- Кинологиялық орталығының үздіксіз қызмет ету жағдайын және бюджеттің негізді 100% игеріліуін қамтамасыз етсін. Оқу бөлімшелеріне -білім алуға келген кинологтармен шынайылылыққа жақын жағдайларды дәрістер өткізсін. Асыл тұқымды иттер бөліміне- сапалы күшіктерді өсіру және олардың іздеу қызметіне қажетті жұмыс қасиеттерін жетілдіре отырып жұмыстар жүргізсін. Қызметтік иттерді дайындау бөліміне-қызметтік иттермен бақылау дәрістерін өткізсін сонымен қатар қызметтік иттерді қысқы нормалар бойынша азықтандыруға көшсін. Кезекшілік қызмет бөліміне-өткізу режимі бойынша тұқрақты бақылауды жүргізсін. Адам ресурстары бөліміне-тұрақты негізде, жемқорлық бойынша фактілердің алд-алу шараларын өткізсін, Орталықтың штат санын толықтыру бойынша, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлықтары бойынша жұмыстар жүргізсін. Сонымен бірге кәсіби іс-тәжрибиеден Кинологиялық орталығы базасында өтіп одан әрі жұмысқа орналасу бойынша кәсіптік ЖОО-ның студенттерін тарту бойынша жұмыстар жүргізсін.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)