
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығының басқа құқыққорғау органдараының арасындағы міртебесін көтеру мақсатында, сонымен қатар ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ-ты насихаттау, патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру, азаматтық парызды орындауға дайын болуы мақсатында, 2017 жылғы 24 қарашасында Кинологиялық орталығының базасында Алматы қаласының № 105 Ораз Жандосов атындағы гимназиясының оқушылары үшін Ашық есі күні ұйымдастырылып өткізілді.
Ашық есік күнін өткізудің басты мақсаты мемлекет мүдделерін қорғауға дайын өз елі мен аймағының тағдырларын қосатын, рухани және дені сау ұрпақты қалыптастыру болып табылады.
Балалар кинолог – мамандығымен, қызметтік иттерді дайындаудың ерекшеліктерімен танысты, кинолог мамандарының қызметі мен танымдық дәрістер өткізілді және Кинологиялық орталығының материалды-техникалық базасы мен жарақтануы көрсетілді. Балалармен итерактивті ойын өткізілді, ол жерде өздерін қызметтік иттерді басқара отырып КИНОЛОГ ретінде сезінуге мүмкіндік берілді, сонымен қатар иттерден оң энергетика алды.
Шараның өтуі кезінде оқушыларға мемлекеттік кірістер органдарының сонымен қатар Кинологиялық орталығының алдында тұрған негізгі мақсаттарымен, дамуының перспективалары түсіндірілді. Балалардың қызықтырушы сұрақтарына жауаптар берілді.
Бүгінгі күні КИНОЛОГ – мамандығымен тікелей танысу, оқушылардың жануарлар әлеміне деген жауапты әлеуметтік әрекеттері мен сана-сезімдерінің өсуін қалыптастыруда өз үлесін қосады деп пайымдаймыз.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)