
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
КИНОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАЗАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 5 жыл толуына орай 2019 жылғы 30 шілдеде сағат 10:00-де Кинологиялық орталық базасында Қорғаныс министрлігі оркестрінің қатысуымен салтанатты түрде ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу қызметінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің және ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының кинологтарына курсты бітіргені туралы сертификаттар тапсырылды.
"Есірткі құралдарын іздеу", "Жарылғыш заттарды іздеу" және "Валютаны іздеу" бағдарламалары бойынша курстар 2019 жылғы 22 сәуір мен 30 шілде аралығында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы базасында өткізілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің 5 жылдығына арналған салтанатты рәсімге кинологиялық қызмет басшылары қатысты: ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық гвардиясы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі. Құрметті қонақтарға сертификаттарды табыстау мәртебесі берілді. Қонақтар кинолог-мамандарды құттықтап, сөз сөйледі, сондай-ақ оларға есірткінің, жарылғыш заттардың және валютаның заңсыз айналымына қарсы күрес ісінде табыс тіледі.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кинологиялық қызмет басшылары курстың жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғанын және өткізілгендігін және кинологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасының озық жабдықталғанын атап өтті. Олардың пікірінше, бұл жоба кинология саласындағы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында біздің қызметтеріміздің өзара іс-қимылына мықты негіз қалады.
Осындай іс-шаралар, сөзсіз, патриоттық рухты көтеруге ықпал етеді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің имиджіне оң әсерін тигізеді.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
баспасөз қызметі