
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
Кинологиялық орталықтың қызметшілері анонимді сауалнамаға қатысты
2019 жылғы 25 ақпанында ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығында электрондық форматта "мемлекеттік органдардың Интернет-порталы" жүйесінің "сауалнама және әлеуметтік жауап алу" модулі арқылы орталықтың мемлекеттік қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізілген болатын.
Сауалнама жүргізу кезінде "Мемлекеттік органдардың Интернет-порталы" жүйесі еш кедергісіз жұмыс істеп, жауап алудың барлық қортындыларын автоматты түрде тікелей Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратына жолдады, сонымен негізгі талап, анонимділік қамтамасыз етілгенін атап кеткіміз келеді.
Сонымен қатар, сауалнама жүргізу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шақырылды.
Осы шара МКК Кинологиялық орталығының стратегиялық міндеттерінің бірі, Мемлекеттік орган қызметінің нәтижелігін жоғарылату бойынша түрлі әдістердің кезеңімен енгізуі болып табылады. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдар қызметінің ұтымдылығын бағалау жүйесін енгізу.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)